Еңбек заңнамасы бөлімі

Еңбек заңнамасы бөлімінің негізгі міндеттері болып табылады: Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; қауіпсіз еңбек жағдайларын қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау және олар бойынша шаралар қабылдау; еңбек заңнамасының бұзылу себептерін талдау және қорыту және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.