«VARRO OPERATING GROUP» ЖШС жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды: «Толқын» кен орны бойынша қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларының рұқсат етілген шекті нормативтері (ШШШ) жобасын қайта қарау; «Толқын» кен орны бойынша ағынды сулардың рұқсат етілген шекті төгінділері (ШШТ) жобасы; шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы; «Толқын» кен орны бойынша қалдықтарды басқару бағдарламасын қайта қарау; «Толқын» кен орны бойынша өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын қайта қарау; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары. Қоғамдық тыңдау 2026 жылы 16 қараша сағат 10:00-де өтеді. Өткізу орны: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылдық округі, Боранқұл ауылы, Мәдениет үйінің ғимараты.