Құрылым

Цифрландыруды дамыту бөлімі

Цифрландыруды дамыту бөлімі – Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының құрылымдық бөлімшесі. Оның негізгі міндеті – өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласына цифрлық технологияларды енгізу және дамыту. Бөлім «SmartCity» технологияларын енгізу жұмыстарын үйлестіреді, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді және цифрландыру жобаларын жүзеге асырады.

Бөлімнің құрылымына басшы, екі бас маман және бір статист кіреді. Негізгі функциялары – ақпараттандыру нысандарын әзірлеу және қолдау, цифрлық сервистер мен ресурстардың жұмысын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтар арасындағы цифрлық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Бөлім өңірдегі электрондық басқару мен цифрлық сервистердің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Толығырақ

Ақпараттандыруды дамыту бөлімі

Ақпараттандыруды дамыту бөлімі – Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның негізгі міндеті – өңірді цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, байланыс операторларының және басқа да мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіру. Бөлім ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін, электрондық үкіметтің дамуын, ақпараттық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын және ашық деректер порталын толықтыруды қамтамасыз етеді. Бөлімнің құрылымына бөлім басшысы мен үш бас маман кіреді.

Сонымен қатар, бөлім бақылау, талдау және ұйымдастырушылық функцияларды орындайды: байланыс қызметтерінің сапасын қадағалайды, елді мекендердегі интернетке қолжетімділікті талдайды, ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жеке деректер саласындағы мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады. Бөлім қажетті ақпаратты сұратуға, нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысуға және өңірдегі цифрлық процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

Толығырақ

Электрондық пошта:

a.atalykova@mangystau.gov.kz