Тұрыш — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, Тұрыш ауылдық әкімдігі орталығы. Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан шығысқа қарай 80 км жерде, Сам құмының солтүстік шетінде орналасқан.
Ауылда Тұрыш мектеп- бөбекжай кешені, Тұрыш селолық клубы, фельдшерлік – акушерлік пункті, «ТрансГазАймақ», «Обаға қарсы күрес» және «Ауа- райын бағдарлау станциясы», Қазпошта бөлімшесі, АТС байланыс торабы, «Бейнеусусервис» КМК-ны қызмет көрсетеді, сонымен қатар ауыл табиғи газ, электр энергиясы, интернет желісімен, ауыз сумен қамтамасыз етілген. Халық саны 680, тұрғын үйлер саны 108.