Боранқұл — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, Боранқұл ауылдық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.
Аудан орталығы — Бейнеу кентінен солтүстік-батысқа қарай 108 км жерде, Каспий маңы ойпатындағы Қарақұмның оңтүстік-шығысында шөлді белдемде орналасқан.
Іргесі 1948 жылы осы маңда мұнай кенін іздеуге байланысты қаланған. Алғашында "Опорный" деп аталған.
Ауылда тұрмыс қажетін өтеу мекемесі, үш орта мектеп, аурухана бар.
Боранқұл арқылы Орта Азия — Орынбор газ құбыры, Өзен — Самара мұнай құбыры және Қоңырат — Құлсары су құбырлары өтеді.