«Мемлекеттік радиожиілік қызметі» ШЖҚ РМК

Кәсіпорын 2018 жылы құрылды. Бүгінгі күні қызмет сарапшылары теле -, радиоарналарды халықтың қабылдау сапасын қоса алғанда, байланыс қызметтерінің сапасын бақылаумен айналысады. Сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқоры мен абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының жұмысын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, қызметтің маңызды бағыты Қазақстанда сақталған орбиталық-жиілік ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау болып табылады. Бұның "KazSat" отандық байланыс және хабар тарату жүйесінің жұмысы үшін принципті маңызы бар.
Сонымен қатар, ведомство радиожиілік спектріне мониторинг жүргізеді және Қазақстан заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтаумен айналысады.
Сонымен қатар, мамандар радиоэлектрондық құралдардың тізілімін жүргізеді, радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізеді.
Мекен жайы:
| Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., А. Иманов көш. 13, 6 қабат |
Байланыс телефоны: +7 (7172) 57-61-01, 57-55-92, веб-сайт: rfs.gov.kz.
Басшы: директор - Рахматуллин Асхат Тәттімбетұлы.
«Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК 2020 жылғы қызметі туралы