«Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК

2022 жылғы 4 ақпанда ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жобалық басқару процестерін қолдау, мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеу, нормативтік құқықтық актілер жобаларын «цифрландыру» мәніне сараптау үшін әдіснамалық және үйлестіру (think tank) ядросы ретінде әрекет ететін «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК құрылды.

Орталық Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 26 қыркүйектегі № 564 қаулысымен Қарағандыда ҚазКСР ҒА-ның Механика және математика институтының Қолданбалы математика бөлімінің базасында құрылған «Қолданбалы математика институтын» қайта құру нәтижесінде құрылды.

Үкіметтің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 157 қаулысымен Орталық цифрлық трансформация бағдарламаларын іске асыру үшін бизнес-процестерді (G2C, G2B, G2G) реинжиниринг жөніндегі қызметтерді жеткізуші болып айқындалды.

Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 337 қаулысымен Орталық «сервистік интегратор» болып белгіленді.

Басшы: Бас директор – Биғари Рүстем Айдарбекұлы

Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел  даңғылы 55/15, С 2.4 ғимараты, 3 этаж

Байланыс телефоны: 7 (7172) 79 05 05

Электрондық адрес: info@govtec.kz

Ұйымның веб-сайты: https://govtec.kz/