Цифрландыру бағдарламаларын үйлестіру және жобалық басқару саясаты департаменті
Департамент Министрліктің жетекшілік ететін салаларында цифрландыру бағдарламаларын іске асыруды және жобалық басқару саясатын дамытуды үйлестіреді. Жобаларды басқарудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, цифрлық бастамалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілуін қадағалайды.
Өз қызметі шеңберінде Департамент жобалық басқару әдіснамасын жетілдірумен, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестірумен, іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін талдаумен, сондай-ақ басқарудың заманауи құралдары мен цифрлық трансформацияны енгізумен айналысады.