Құрылым

Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті

Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті жұмысының негізгі мақсаттары цифрлық трансформация және платформалық модельге көшуді әдіснамалық сүйемелдеу, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту, деректерді басқаруды дамыту, республика өңірлерінде цифрландыруды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы НҚА жобаларын дайындау және бекіту болып табылады.

Толығырақ

Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар департаменті

Департамент екі жақты және көп жақты негізде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, экономикалық интеграция мәселелерімен айналысады, ал халықаралық аренадағы бірлестіктер шеңберінде Министрлік реттейтін салаларда ұлттық ұстанымды қалыптастырады.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 64-94-77

Электрондық пошта:

a.mukanova@mdai.gov.kz

Стратегиялық жоспарлау департаменті

Министрліктің бес жылдық кезеңге арналған даму мақсаттарын, міндеттерін қалыптастырады және тиісті даму жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз етеді; жетекшілік ететін салалардағы Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына талдау мен мониторингті, сондай-ақ министрдің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Толығырақ

Қаржы және әкімшілік жұмысы департаменті

Департамент бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдерін қарау бойынша бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, ведомствоның құрылымдық бөлімшелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Департамент бюджеттік өтінімдерді беру кезінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және оларды қорғауды ұйымдастырады. Сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Министрліктің орталық аппараты үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізуді қалыптастырады. Сонымен қатар, бөлімше Министрліктің Бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруға, сондай-ақ бюджет қаражатының толық және уақтылы игерілуін қамтамасыз етуге жауапты.

Толығырақ

Ішкі аудит департаменті

Департамент қызметінің негізгі мақсаты министрге Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде көмек көрсету, Министрге мемлекеттік органды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпарат беру болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 64-94-35

Электрондық пошта:

n.kabyldin@mdai.gov.kz

Заң департаменті

Департамент норма шығармашылығымен, заң сараптамасымен, Министрліктің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің қызметін ұйымдастырумен, сондай-ақ ведомство қызметін құқықтық қамтамасыз етумен айналысады.

Толығырақ

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті

Департамент Министрліктің құжат айналымы жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді, келіп түскен хат-хабарларды бақылау мен мониторингілеуді жүзеге асырады, мемлекеттік тілді дамытумен айналысады

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 64-91-00

Электрондық пошта:

a.kenzhalieva@mdai.gov.kz

Адам ресурстарын басқару департаменті

Департамент Министрліктің персоналды басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастырады, персоналдың мемлекеттік қызметті өту процесін қамтамасыз етеді, корпоративтік мәдениетті дамытады, персоналды оқытуды жүргізеді, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалауды және талдауды жүзеге асырады.

Толығырақ

Жобалық басқару саясаты департаменті

Жобаларды басқару саясаты департаменті мемлекеттік басқару жүйесіне жобаларды басқаруды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Жобаларды басқару саясаты департаменті мемлекеттік органдарға жобаларды басқаруды жүзеге асыру бойынша үйлестіру және әдістемелік қолдау көрсетеді. Функционалдық міндеттерге сондай-ақ жобаларды іске асыру мониторингі, мемлекеттік органдардың нысаналы индикаторларын әзірлеу және оларға қол жеткізуді талдамалық қолдау, сондай-ақ жобаларды басқарудың халықаралық тәжірибесін зерделеу және қолдану кіреді.

Толығырақ

Smart Region департаменті

Smart Region департаменті цифрландыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді, оның ішінде «Smart City» жобаларын жүзеге асыруды да қамтиды. Әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады, өңірлердің цифрлық дамуының тиімділігін талдайды, сондай-ақ «Smart City» рейтингін қалыптастыруды ұйымдастырады.

Толығырақ

Электрондық пошта:

zha.sakhov@mdai.gov.kz

Салаларды цифрландыру департаменті

Салаларды цифрландыру департаменті жұмысының негізгі мақсаттары мемлекеттік органдардың бизнеспроцестерінің реинжинирингін үйлестіру, цифрлық трансформация жобаларына қатысу, техникалық тапсырмаларды сараптау және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға ақпараттандыру саласында қорытындылар беру, әлеуметтікэкономикалық саланың "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында есепке алуды ұйымдастыру болып табылады үкімет", әлеуметтік экономикалық саладағы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу, инвестициялық ұсыныстарға бюджеттік инвестициялардың қаржылықэкономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласында қорытынды беру және "электрондық үкіметтің"архитектурасындағы домендердің мониторингі мен дамуы

Толығырақ

Телефон:

64-95-44

Электрондық пошта:

r.shaukhina@mdai.gov.kz

Геодезия және картография департаменті

Геодезия және картография департаменті геодезия және картография саласының уәкілетті органының функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді Департамент мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды оның ішінде республика аумағының топографиялық карталарын және елді мекендердің ауқымды жоспарларын жасауды және жаңартуды, Мемлекеттік Геодезиялық нивелирлік және гравиметриялық желілерді жұмыс жағдайында ұстауды және жаңғыртуды ұйымдастырады сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің базалық және тақырыптық кеңістіктік деректерді геопорталдарды геосервистерді құруы мен дамытуын үйлестіреді Уәкілетті органның негізгі міндеті мемлекеттік және жергілікті координаттық санақ жүйелерін белгілеу жолымен геодезия картография және кеңістіктік деректер саласындағы бірыңғай мемлекеттік және ғылымитехникалық саясатты қамтамасыз ету болып табылады

Толығырақ

Цифрлық шешімдер департаменті

Департаменттің басты міндеті - стратегиялық және реттеуші функцияларды орындау есебінен Қазақстанның цифрлық шешімдерін дамыту және енгізу.

Толығырақ

Телефон:

64-93-80

Электрондық пошта:

k.kadylbekov@mdai.gov.kz