Медициналық әлеуметтік сараптама басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:

- «мүгедектікті, еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету, олардың себептерін, мерзімдерін, басталу уақытын және көмектің қосымша түрлеріне және күтімге қажеттілікті айқындау және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай фукнцияларды жүзеге асырады:

1) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мүгедектерге әлеуметтік қорғау шараларын әзірлеу, сондай-ақ автоматтандырылған режимде «мүгедектікті, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бөлігінде жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;

2) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің негізділігі мен дұрыстығын, мүгедектіктің белгіленуін және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін олардың себептерін, мерзімдерін, басталу уақытын және көмектің қосымша түрлеріне мұқтаждығын және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін әзірлеуін анықтай отырып, бақылауды жүзеге асырады;

3) мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу және мүгедектерге әлеуметтік қорғау шараларын көрсетудің негізгі көрсеткіштерінің мониторингі (тоқсандық, жылдық есептер, талдау);

4) халық арасында түсіндіру және консультациялық жұмыс көрсету, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

5) жеке және заңды тұлғалардың медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.