Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:

- зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай фукнцияларды жүзеге асырады:

1) Комитеттің  аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" і және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған "Батыр ана" атағын алған Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем түріндегі әлеуметтік көмек, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына біржолғы ақшалай өтемақыны, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге арналған біржолғы төлемді, инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттен бастап тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдау бойынша жұмысын үйлестіру;

2) Республикалық бюджеттен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша түсіндіру;

3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" і және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған "Батыр ана" атағын алған Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем түріндегі әлеуметтік көмек, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына біржолғы ақшалай өтемақыны, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге арналған біржолғы төлемді, инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттен бастап уақтыылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;

4) республикалық бюджеттен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;

5) әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласында "Е-макет" ААЖ деректер базасын қалыптастыруды үйлестіру;

6) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.