Құрылым

Тіл саясатын іске асыру және тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасы

1. Тіл саясатын іске асыру және тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы «13» қыркүйектегі № 2-К бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті туралы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 74-01-35

Электрондық пошта:

k.rakhimzhanov@sci.gov.kz

Лингвистикалық жұмыс басқармасы

Басқарманың міндеттері:

1) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жұмыстарын қамтамасыз ету және үйлестіру;

2) қазақ тілі терминология саласын дамыту және қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі рөлін күшейту.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 74-05-10

Электрондық пошта:

g.mukanova@sci.gov.kz

Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы

Басқарманың міндеттері:

- республика бойынша тіл оқыту жұмысының оқу-әдістемелік базасын қалыптастыру және үйлестіру;

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 74-99-11

Электрондық пошта:

ai.koken@sci.gov.kz