Құрылым

Жедел бас басқармасы

Жедел бас басқармасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Бас штабының құрамына кіреді, оның бейбіт және соғыс уақытында әскерлерді үздіксіз басқаруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру және жедел даярлық жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге жауапты жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Жақыпов Ерлан Елтайұлы

Жауынгерлік даярлық бас басқармасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметтік-жауынгерлік міндеттерін ойдағыдай орындау тікелей сапалы оқытудан байланысты. Әскерді қарқынды дамыту жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар болып табылады. Оның негізінде қызметтік-жауынгерлік міндеттерді практикалық шешуге қабілетті болу, оларды орындаудың тиімділігі болып табылады. 

Қазіргі уақытта әскерді даярлау Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының Жауынгерлік даярлық бас басқармасына жүктелген және өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің бөлімшелері, топттарын тиісті басқару арқылы жүзеге асырылады. 

Толығырақ

Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасы

Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасы өз қызметінде Қазақстандық патриотизмді, Отанды қорғауға әзірлікті, әскери борышқа адалдықты қалыптастыру мақсатында әскери қызметшілердің барлық санаттарымен, азаматтық персоналмен тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Есжанов Аян Абдуғаниұлы

Жауынгерлік қызмет бас басқармасы

Жауынгерлік қызмет бас басқармасы Бас штабтың әскердің жауынгерлік қызметін тікелей ұйымдастырушы болып табылатын құрылымдық бөлімше болып табылады.

Қазіргі уақытта ЖҚББ мынадай негізгі функцияларды атқарады: күштер мен құралдарды жауынгерлік қызмет мүддесінде сенімді, сапалы және тиімді пайдалану үшін нормативтік құқықтық актілер мен іс-шаралар әзірлеу, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру, жауынгерлік қызмет міндеттерін орындау кезінде кинология қызметінің мамандарын пайдалануға дайындау, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның және басқа да қызмет көрсететін ведомстволардың әскери, арнайы және өзге де тасымалдауын басқаруды жүзеге асыру.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Малицкий Юрий Васильевич