Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы алдағы жылға 9 653 адамды құрайды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту мақсатында өңірлердің қажеттілігіне сәйкес ведомство басшысының «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрығын қабылдайды. Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында а. ж. 19 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.
Құжат еңбек тапшылығы бар өңірлердің қажеттілігі негізінде 9 653 адамнан тұратын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын бекітуді көздейді.
Бұйрық жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15328199.
Қызмет бағыты