Қазақстан мен Ұлыбритания маусымдық жұмысшылар үшін қауіпсіз арна құруда

Қазақстан мен Ұлыбритания маусымдық жұмысшылар үшін қауіпсіз арна құруда

​Қазақстан мен Ұлыбритания маусымдық жұмысшылар үшін қауіпсіз арна құруда

​ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон Комитеті Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен Британдық адал еңбек агенттігінің (Fair Work Agency, FWA) өкілдерімен онлайн-кеңес өткізді. Кездесудің басты мақсаты-Seasonal Worker Visa бағдарламасы бойынша қазақстандықтарды жұмысқа орналастырудың ашық, қатаң реттелетін тетігін құру және көлеңкелі делдалдықтың заңсыз схемаларын толығымен жою.

​Тараптар үміткерлерді сапалы іріктеуге және оларды еңбек ұтқырлығы орталықтары арқылы егжей-тегжейлі даярлауға ерекше назар аударды, онда ізденушілерге келісімшарттардың, еңбекақы төлеудің және тұрмыстың нақты шарттары міндетті түрде түсіндіріледі. Сонымен қатар, FWA тізілімі арқылы Британдық жұмыс берушілерді тексеру, елімізде аккредиттелген операторлардың қатысуын кеңейту және қатаң мемлекеттік бақылаумен отандық жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тарту мәселелері талқыланды.

​Азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Комитет, ҚР Елшілігі және FWA арасында жедел өзара іс-қимылдың үш жақты арнасы құрылады, сондай-ақ шағымдарды беру мен қараудың тікелей тетігі енгізіледі. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар жауапты үйлестірушілерді бекітіп, екіжақты құқықтық базаны өзектендіруге және қазақстандық мигранттар үшін практикалық жадынамалар дайындауға кірісті.