«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына (бұдан әрі – Қаулы жобасы) ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қаулы жобасы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11–бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты, жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда үміткерлердің ұлтын растайтын тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша функцияны қосу.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қызмет бағыты