«Қазақстандық қызметкерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрықтың жобасына баспасөз релизі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 119-1) тармақшасын іске асыру мақсатында «Қазақстандық қызметкерлерге тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Министрлік қазақстандық жұмыскерлерге тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларының жобасын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды (бұдан әрі – Қағидалар жобасы) әзірледі.
Қағидалар жобасына сәйкес тәлімгерлік жұмыс беруші шетелдік жұмыскерді тартқан кезде ғана жүзеге асырылады, бұл қазақстандық жұмыскерлердің тәжірибе алмасуына және біліктілігін арттыруға, сондай-ақ олардың бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді.
Жоғарыда аталған шаралар ішкі еңбек нарығын біліктілігі төмен шетелдік жұмыс күшінен қосымша қорғауға, жергілікті атқарушы органдарға қазақстандық азаматтарды жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ жұмыс берушілердің білікті шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.