Экономикалық ұтқырлық сертификаты

2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған көші – қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) қабылданды.

Тұжырымдама шеңберінде жеке тұлғалар үшін экономикалық ұтқырлық сертификатын ұсыну көзделген ішкі қоныс аудару тетіктері қайта қаралды.

Экономикалық ұтқырлық сертификаттары елдің жұмыс күші тапшы аймақтарына көшкісі келетіндерге үй сатып алу, салу үшін 50% ақшалай өтемақы беруге немесе жұмыс беруші растаған жұмыс орны болған жағдайда бастапқы капитал ретінде пайдалануға құқық береді.

Сертификат сомасы 4 млн.теңгеден аспайтын мөлшерде есептелген.

Бұл сертификат тікелей қоныс аударушыға немесе кандасқа беріледі, бұл оларға солтүстік аймақтарда өз бетінше баспана таңдауға мүмкіндік береді.