2023 жылғы 1 маусымға арналған көші-қон процестері бойынша ақпарат (ішкі көші-қон)

2023 жылы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасы 8 652 адамды
(1 925 қандас, 6 727 қоныс аударушы) құрайды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 566 адамға көп.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 351 адам қоныс аударды (700 отбасы), оның 2 564-і қоныс аударушылар, 787 қандас.
Анықтама үшін: көзделген мемлекеттік қолдау:
– көшуге-отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен біржолғы төлем;
- бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін 12 ай ішінде ай сайын төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін;
- 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар.
2023 жылғы 24 ақпанда «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына (бұдан әрі - қағидалар) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ол «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастырылған.
Ағымдағы жылғы новеллалар:
- тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде немесе Еңбекминінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 57 бұйрығымен отбасына 4 млн. теңгеге дейін енгізілді;
- ЖАО әр өңірдің даму ерекшелігін және еңбек ресурстарына қажеттілікті ескеретін еңбек тапшылығы бар өңірлерге қоныс аударуды ынталандыру бойынша Жол карталарын әзірледі және бекітті.