«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 22-35-7. 1 тапсырмасымен бірлесіп әзірленді.

Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы №22-35-7.1 тапсырмасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Г. Балаеваның Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022 жылғы 25 мамырдағы XXXI сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі кеңес хаттамасының 2-тармағын орындау бойынша болып табылады.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ көші-қон процестері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға оң әсерін тигізеді.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында 2022 жылғы
20 қазанда НҚА ашу бөлімінде орналастырылған.