Қызметі
Басқарманың міндеттері сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Сонымен қатар, Басқарма нормативтік құқықтық актілерді, босқын мәртебесін беру туралы өтінішті, босқын куәлігінің үлгісін тіркеу және қарау тәртібін, босқындар бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастырады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 18 қыркүйек 2026МақалаларҚызметі
Ұйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЖауап:
Босқын мәртебесін алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өзінің болатын жері бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтінішхатпен жүгінуі қажет.
Өтінішхат тіркелгеннен кейін өтініш берушіге пана іздеуші адамның куәлігі беріледі. Өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша босқын мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Босқын мәртебесін беру тәртібі Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңымен және өтінішхаттарды қараудың тиісті қағидаларымен реттеледі.




