Құрылым
Этникалық көші-қон басқармасы
Басқарманың міндеттері мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, этникалық көші-қон саласындағы саясатты салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру және іске асыру мониторингі болып табылады.
Бұдан басқа, басқарма этникалық көші-қон саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді, өңірлік квотаны белгілейді және қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Еңбек көші-қон басқармасы
Басқарманың міндеттері ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын әзірлеу болып табылады.
Сонымен қатар, басқарма жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсат беру немесе ұзарту тәртібі мен шарттарын әзірлейді.
Басқарма басшысы:
Сейтжанов Сабыржан ЖарылкагановичТелефон:
8-7172-74-78-81Электрондық пошта:
s.seitzhanov@enbek.gov.kzСыртқы көші-қон және босқындар басқармасы
Басқарманың міндеттері сыртқы көші-қон және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Сонымен қатар, Басқарма нормативтік құқықтық актілерді, босқын мәртебесін беру туралы өтінішті, босқын куәлігінің үлгісін тіркеу және қарау тәртібін, босқындар бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастырады.
Басқарма басшысы:
Арынов Асет МухаметкалиевичТелефон:
8 7172 74 78 77Электрондық пошта:
a.arynov@enbek.gov.kzІшкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы басқармасы
Басқарманың міндеттері мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы саласындағы саясатты салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру және іске асыру мониторингі болып табылады.
Бұдан басқа, Басқарма ішкі көші-қон және еңбек ұтқырлығы саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді, өңірлік квотаны белгілейді және қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.