Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (Өткен тоқсандағы отбасының бір мүшесіне-22792 теңге).
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша тұрақты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатпен жүгіну немесе "электрондық үкіметтің"E-gov веб-порталы арқылы жүгіну қажет.
Жүгінген кезде сізге толық консультация беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) туралы мәселе қаралатын болады.
Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.
Конкурс жеңімпазы бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағаланады.
Баяндалғанға байланысты, облыстың аудандарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер беру жөніндегі конкурсты жариялағаннан кейін әрбір жеке не заңды тұлға оған қатысуға құқылы.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге кезекке қою үшін сізге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. www.egov.kz, санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарды қоса беру.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге жататын Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі.:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
1-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына;
3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға беріледі;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер тұрғын үйге мұқтаж деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады:
1) есепке қою кезінде және тұрғын үйді беру сәтінде коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;;
2) есепке қою кезінде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру сәтінде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;;
3) Алып тасталды-ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) өздері тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;;
5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрады;
6) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған кезде шығарылады.