Жалпы ақпарат

Әкімдіктің басқармалары

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мақсаттары:

1) Қостанай облысының аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы  заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы субъектілердің қызметіне бақылауды және қадағалауды жүргізу;

2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүргізу;

3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын  және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;

6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

7) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттар беру;

8) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізу және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу;

9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы  заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты