Жалпы ақпарат

"Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ басшысы
Әкімдіктің басқармалары
"Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
"Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.