Лисаков – облысқа бағынышты қала, 1971 жылы Лисаков тау-байыту комбинатының базасында құрылған. Тобыл өзеңінің бас жағында, ірі темір жол торабы Тобыл станциясынан 18 километрге оңтүстікке қарай, облыс орталығы Қостанай қаласынан 120 км оңтүстік-бастысқа қарай, және Ресей шекарасынан 70 километрде орналасқан.
Қаладан төрт километрде «Қостанай-Жетіқара» автомобиль жолы орналасқан, ол арқылы Орталық және Оңтүстік Қазақстанмен, Ресеймен көлік байланысы жүзеге асырылады.
Ресеймен, Орталық Азия аймақтарымен және Қытаймен темір жол байланысы Майлин станциясы арқылы және Тобыл Оңтүстік-Сібір магистралі арқылы жүзеге асырылады.
Қала өңірдегі ірі шикізат көздері мен өндіру нарығының, Қазақстанның елордасы - Астанаға, Ресей Федерациясының орал өңіріне тікелей жақында орналасқан, темір жол магистралінің құрылысы Батыс Қазақстанның қызу дамып келетін өңіріне есік ашады.