Құрылым

Бюджеттің атқарылуын жиынтық талдау және бюджетаралық қатынастар бөлімі.

Бюджеттің орындалуы, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау бойынша    талдаулардың жиынтығы; облыстық бюджеттің орындалуы және бюджет аралық қатынастар үдерісін жүзеге асыру; бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаулы жобаларын, әдістемелік нұсқаулар дайындау; Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес қаржы тәртібін сақтау; төлемдер бойынша түсімдер және қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер    бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізудің дұрыстығына бақылауды қамтамасыз ету; бюджеттік бағдамаларды іске асыру нәтижелері бойынша ақпараттың негізінде бар бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізуге ұсыныс дайындау.

Толығырақ

Телефон:

8(7142)575-524

Электрондық пошта:

M.Malkova@kostanay.gov.kz

Нақты сектор салаларын қаржыландыру бөлімі

Нақты сектор салаларын қаржыландыру бөліміне бекітілген бағдарламалар шеңберінде қаржы және жергілікті бюджеттің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша облыстың аумағында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Нақты сектор салаларын қаржыландыру бөліміне бекітілген бағдарламалар шеңберінде облыстың бюджетін тиімді және уақтылы атқару мақсатында бюджеттік қаражаттардың мониторингін жүргізу.

Нақты сектор салаларын қаржыландыру бөліміне бекітілген бағдарламалар шеңберінде бюджеттік-қаржылық реттеудің әдістерін жетілдіру.

           Нақты сектор салаларын қаржыландыру бөліміне бекітілген бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетін атқару жөніндегі қызметін үйлестіреді. Нақты сектор салаларын қаржыландыру бөліміне бекітілген бағдарламалар бойынша облыстық бюджетті құрастыруды және атқаруды ұйымдастыруға қатысады. Кредиттік шарттардың тіркеуін және оларды орындау мониторингін жүргізеді. Төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын құруға және бекітуге қатысады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінімдерді қарайды, қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу үшін анықтамаларды қалыптастырады. Бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінген  ағымдағы нысаналы трансферттерді, нысаналы даму трансферттер мен кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті жасауға қатысады;

           Жергілікті атқарушы органдардың мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша қызмет тиімділігін бағалауды өткізу үшін ақпаратты жинақтауды және жиынтығын қамтамасыз етеді. Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу, мониторинг, өтеу және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. ОМО-ға нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жібереді. Бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Нақты сектор салаларын қаржыландыру бөлімінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар мемлекеттік органның құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттері болады.

 

Толығырақ

Электрондық пошта:

mi.zhandauletov@kostanay.gov.kz

Білім, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік ұйымдарын қаржыландыру бөлімі

Бөлімге бекітілген білім, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістіктің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде облыстық бюджетті атқару бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысу. Бөлiмге бекiтiлген бюджеттiк бағдарламалар шеңберінде облыс бюджетінiң орындалу мониторингін жүзеге асыру. Бекiтiлген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджет шығыстарының орындалуын талдау және бюджеттiк бағдарламалардың орындалу тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Төлемдер мен міндеттемелер бойынша облыстық бюджеттiң қаржыландыру жиынтық жоспарын құрастыруына қатысу. Бюджеттің атқарылуы туралы, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы және бюджеттің желілік көрсеткіштері бойынша жиынтық есепті құрастыруына қатысу.

Толығырақ

Телефон:

8(7142)575-519

Электрондық пошта:

G.Isabaeva@kostanay.gov.kz

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарын қаржыландыру бөлімі

Облыс аумағында денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғаудың бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржы және әлеуметтік-экономикалық реформалардың мәселелері бойынша мемлекеттік бірыңғай саясатты жүзеге асыру. Бөлімге бекітілген бюджеттік бағдарламалар шеңберінде облыс бюджетінің орындалу мониторингін жүзеге асыру. Бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттің шығыстарының орындалуын талдау және бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. «Денсаулық сақтау» ж»не «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» қызметтік топтар бойынша бюджеттік-қаржылық реттеу әдістерін жетілдіру.

Толығырақ

Телефон:

8(7142)575-521

Электрондық пошта:

T.Babchinec@kostanay.gov.kz

Коммуналдық меншік мониторингі және мемлекеттік мекемелермен жұмыс бөлімі

Коммуналдық меншік мониторингін жүзеге асыру. Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлік тізілімін жүргізу. облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен және облыстық басқармалар мен департаменттермен есепті тоқсаннан кейінгі ағымдағы айдың 25 дейін ұсынылған Мемлекеттік коммуналдық мүлік тізілімі бойынша тоқсан сайынғы есептерді жинау және талдау. Мемлекеттік коммуналдық занды тұлғалардың негізгі қаражаттардың күй-жағдайларына талдау өткізу, яғни облыстық коммуналдық мүлкінің санды және соммалы түрде есеп жүргізіледі. Бірыңғай занды тұлғалар тізімінен әрекетсіз мемлекеттік мекемелерді жою бойынша жұмыс. Мемлекеттік мүлікті орынды қолдану және нәтижелі басқару сұрақтары бойынша мемлекеттік коммуналдық мекемелермен жұмыс өткізу. Осы уақытта Қостанай облысында 1373 мемлекеттік мекеме саналады. Мемлекеттік коммуналдық мекемелермен баланстан балансқа негізгі қаражаттарды беру және тиісті бұйрықтарды дайындау;Мемлекеттік мекемелерде негізгі қаражаттарды есептен шығару бойынша жұмыс өткізу. Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлкін жалға беру бойынша жұмыс өткізу.Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру бойынша облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен есепті тоқсаннан кейінгі ағымдағы айдың 25 дейін ұсынылған тоқсан сайынғы жалпы жиынтық есептерді жинау, талдау. Облыс бойынша тоқсан сайын мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен кірістерді есепке алу. Мемлекеттік мүлікті жалға берудің үлгі шарттарын әзірлеу.

Толығырақ

Телефон:

8(7142)575520

Электрондық пошта:

d.arenova@kostanay.gov.kz

Әкімшілік бөлімі

Басқарма аппаратын біліктілік талаптарға сәйкес мамандармен жасақтау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындығының, құқықтық мәдениетінің және азаматтармен жұмыс жасау қабілеттілігінің деңгейін анықтау бойынша аттестациялау және қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Басқарма құжаттарының уақтылы және сапалы аударылуын жүзеге асыру. Басқармаға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын тіркеуді және олардың уақтылы қаралуына бақылауды жүзеге асыру. Қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауына, еңбек және орындаушылық тәртіптің жай-күйіне бақылауды қамтамасыз ету. Белгіленген құжаттаманың тиісінше ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру.

Мемлекеттік органның қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Құқықтық бағаны жүзеге асыру. Мемлекеттік органның миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік органда құқықтық жұмысты әдістемелік басшылықпен қамтамасыз ету. Құқықтық мәселелерді қарастырған кезде, мемлекеттік органның мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда білдіру.

Есептеуіш техника, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын орнату және енгізу. Орнатылған жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік органның жерггілікті есептеуіш жүйесінің жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік органда жинақталған ақпараттың тұтастығын, жарамдылығын және құпиялылығын қолдауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін әзірлеуге, іске асыруға және пайдалануға жауап беру.

Әкімшілік бөлімінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар мемлекеттік органның құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттері болады.

 

Толығырақ

Телефон:

8(7142)575513

Электрондық пошта:

da.karymsakova@kostanay.gov.kz

Жиынтық есептілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі

Қаржы басқармасының қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстарының есебін жүргізу: қаржыландыру жоспарларын жасау және қаржы басқармасы бойынша бөлінген қаржыны пайдалануына талдау жүргізу; басқарма бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу (негізгі есебін, тауарлы-материалдық құндылықтарды, шаруашылық операцияларды), басқарма қажеттілігі үшін мемлекеттік сатып алуды жүргізу, қазіргі заманға сай бюджетке салықтарды, зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарды есептеу және аудару, қызметкерлер мен штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақыны төлеу;  басқарма бойынша айлық, тоқсандық, жылдық пайдаланылуы туралы есеп беруді, кредиторлық, дебиторлық берешек жөнінде есеп берулерді уақытылы дайындау және  тапсыру; Қостанай қаласы бойынша  Салық комитетіне және Қостанай облысының статистика басқармасына салықтық, статистикалық есеп берулерді уақытында дайындау және  тапсыру; Ережелерді, нұсқаулықтарды, бухгалтерлік құзыретіне жататын есеп жүргізу мен есептілік, басқа нормативтік құжаттардың сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқауларын жүйелік есепке алу. Бюджетті атқаруға және мемлекеттік сатып алу туралы заңының сақталуына байланысты мәселелер бойынша семинарларға және басқа да шараларға қатысу; Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруының мониторингі және қаржыландыру жоспарына өзгертулерді енгізу; Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасының стратегиялық жоспарының жобасын дайындауда, уәкілетті органмен келісуде және бекітуде қатысу; Қаржылық тәртіпке және қорлардың рационалды пайдалануына бағытталған шараларды жүргізу және дайындауда қатысу.

Толығырақ

Жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындармен және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілермен жұмыс жөніндегі бөлімі

Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілеріне жекешелендiру үдерісін ұйымдастыру, мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін сату тәртібін сақтауға бақылау ұйымдастыру (жекешелендіруден кейінгі бақылау), мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін сатып алу құқығымен және құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру үдерісін ұйымдастыру, коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлік басқаруға беру немесе кейін меншікке беру құқығымен жалға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік коммуналдық мүлікпен басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға, бөлімінің жұмыс жоспарын  және бөлімде атқарылған жұмыс туралы есепті құрастыруға, басшылыққа және басқа мүдделі тұлғаларға ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындауға, тендерлік және басқарманың басқа комиссияларының жұмыстарына, Орталықтық атқарушы органдарымен, аудандық, калалық және облыстық басқармалармен  хаталмасуға қатысу.

Толығырақ

Телефон:

8(7142)575-610

Электрондық пошта:

a.nagashibaeva@kostanay.gov.kz