Департамент басшысының міндетін атқарушы Б.С. Каширбеков әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында баяндама жасады

Департамент басшысының міндетін атқарушы Б.С. Каширбеков әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында баяндама жасады
Қостанай облысында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Б.С. Каширбеков облыс кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешек және өндірістік жарақаттану жағдайы мәселелері бойынша баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету, жұмыскерлер алдындағы берешекті өтеу, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі алдағы жұмыстың басым бағыттары белгіленді