Жалпы ақпарат

Сартов Арнұр Маратұлы
Сартов Арнұр Маратұлы

Алтынсарин ауданының әкімі

Әкімдік туралы

"Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Алтынсарин ауданының әкімдігі болып табылады.

"Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Орналасқан жері: 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған селосы, Ленин көшесі, 4.

"Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін сапалы және уақытылы ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

Міндеттер:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, ауданда мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсатта жергілікті атқарушы биліктің барлық органдарының келісілген жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық санасының деңгейін және олардың елдің қоғамдық – саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты