Жалпы ақпарат

Саданов А.А.
Саданов Арман Амангелдіұлы

ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы

О комитете

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті – құқық бұзушылық профилактикасын үйлестіруді және ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы. 

Мақсаты:

1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) қылмыстың жай-күйін, оны жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау, талдамалық және болжамды материалдарды дайындау, профилактикалық қызметті жетілдіру;

3) ІІМ қызметтері жүргізетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау, оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

4) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелеріне ІІМ бөліністерінің басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйлестіру. 

Функциялары:

1) профилактикалық бағдарламалар мен іс-шаралардың нәтижелігін бағалау;

2) құқық бұзушылық профилактика шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

3) құқық бұзушылық профилактикасы және қылмыс факторларының мәселелері бойынша ғылыми, социологиялық және талдамалық зерттеулерді ұйымдастыру;

4) сандық жүйелерді, автоматтандырылған аналитикалық платформаларды және кримогендік тәуекелерді болжау технологияларын қолдану;

5) анықталған деректер мен үрдістердің негізінде профилактикалық жұмысты жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

 

 

 

Ережені жүктеу