Құрылым

Мамандандырылған күзет бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру басқармасы

Мамандандырылған күзет бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру басқармасы Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың объектілерін, сондай-ақ Вена конвенциясына сәйкес күзетілуі мемлекетке жүктелген объектілерді қоса алғанда, мемлекеттік күзетке жататын объектілер мен жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға бақылау жүргізеді.

Толығырақ

Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасы

Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасы негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар мен қызметтік іссапарлар жоспарын әзірлейді, атқарушылық тәртіпке бақылау жүргізеді, есептердің, ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдардың ұсынылуын бақылайды. Жоспарларға, алқа шешімдеріне және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды, қызметтік қызметті және қызметтердің нәтижелерін талдайды. Жедел және аппараттық кеңестердің отырыстарын ұйымдастыруды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді, Комитет басшылығына арналған ақпараттық-талдамалық материалдарды, тезистерді, баяндамалар мен сөз сөйлеулерді дайындайды.

Толығырақ

Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы

Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы ІІО МКҚ бөлімшелерінде стратегиялық, бағдарламалық және ведомстволық құжаттарда көрініс тапқан кадр саясаты талаптарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кадрлық, идеологиялық және тәрбиелік жұмысты, қызметтік, дене және психологиялық даярлықты, имидждік қызметті және тәртіпті ұйымдастырушылық-әдістемелік әрі практикалық тұрғыдан басқарады. Тәлімгерлік институтының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне жетекшілік етеді, сондай-ақ Комитеттің кадрлық, тұрғын үй, конкурстық және тәртіптік комиссияларының жұмысын басқарады. ІІО МКҚ бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарын қалыптастыру және басқару аппаратын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге басшылық жасайды. Комитетте және ІІО МКҚ бөлімшелерінде идеологиялық және тәрбиелік жұмыс, тәртіпті нығайту, сондай-ақ имидждік қызмет мәселелерін үйлестіреді.

Толығырақ

Күзет қызметінің субъектілерін бақылау басқармасы

Күзет қызметі субъектілерін бақылау басқармасы күзет қызметі, күзет дабылы құралдарына монтаж жасау, баптау және техникалық қызмет көрсету қызметі, сондай-ақ жеке күзет ұйымындағы басшы мен күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі салаларында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, сонымен қатар террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуның жай-күйін бақылауды ұйымдастырады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Құспанов Серік Мақсұтұлы

Телефон:

8 (7172) 71-58-04

Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы

Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік бюджет бойынша тоқсандық және жылдық жиынтық бухгалтерлік есептілікті жинауды және жасауды, бюджет қаражатының игерілуі бойынша жиынтық есепті, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жедел жиынтық есептерді дайындауды жүзеге асырады және оларды белгіленген мерзімде ІІМ-ге ұсынады, бухгалтерлік есеп деректері негізінде экономикалық талдау жүргізеді және қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындылары бойынша материалдар дайындайды, бухгалтерлік есептілікті жасау кезінде міндетті болып табылатын есеп пен есептілікті ұйымдастырады, жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін бөлінген мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 71-58-54

Тылдық қамтамасыз ету басқармасы

Тылдық қамтамасыз ету басқармасы МКҚ бөлімшелерінің АТҚЖ мүлкімен, автокөлікпен, нысанды киіммен және басқа да мүлікпен бекітілген нормаларға сәйкес қамтамасыз етілу жағдайын талдайды, қарамағындағы қызметкерлер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу үдерісіне бақылау жүргізеді, комитеттің негізгі құралдарын есептен шығару бойынша құжаттардың дұрыс әрі заңды рәсімделуін ұйымдастырады және бақылайды, комитеттің АТҚЖ мүлкінің сақталу тәртібіне, дұрыс сақталуына, жай-күйіне және нақты бар болуына бақылау жүргізеді.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 71-58-38