Құрылым

Заң басқармасы

Заң басқармасы (бұдан әрі – Басқарма)  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметінде Комитет қызметін құқықтық қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіппен соттарда, сондай-ақ Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқа да ұйымдар мен ведомстволарда Комитеттің мүдделерін білдіреді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша Комитеттің құқықтық мәселелері жөніндегі құжаттарды дайындау міндеттерін шешеді.

Толығырақ

Телефон:

8(7172)235603

Электрондық пошта:

idrisova.ak@emer.gov.kz

Жұмылдыру, кадр және ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасы

Кадр саясаты және құжатайналым басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметінде Комитеттің кадр саясаты қызметін (кадр қызметі) және құпия емес іс жүргізу жөніндегі қызметін, Комитет төрағасының (оның орынбасарларының) бұйрықтарының, нұсқаулықтары мен тапсырмаларының Басқарма құзыретінің шегінде орындалуын ұдайы бақылауды қамтамасыз ету міндеттерін шешеді.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 235-603

Электрондық пошта:

omarbaeva.nm@emer.kz

Экономика және қаржы басқармасы

Экономика және қаржы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметінде Комитеттің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүзеге асыру, бюджет қаражатының есепке алынуын және оның мақсатты жұмсалуын бақылау, бюджеттік бағдарламаларды іске асу барысына бақылауды жүзеге асыру, Комитет төрағасының (оның орынбасарларының) бұйрықтарының, нұсқаулықтары мен тапсырмаларының Басқарма құзыретінің шегінде орындалуын ұдайы бақылауды қамтамасыз ету міндеттерін шешеді.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 235-603

Электрондық пошта:

-

Мемлекеттік сатып алу басқармасы

Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметінде республикалық бюджет қаражаты есебінен тауарларды, қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға, осы қаражатты тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімін реттеуге бағытталған іс-шараларды өткізу, конкурстық комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу процестерін үйлестіруді жүзеге асыру, Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару бойынша тендер өткізуді ұйымдастыру міндеттерін шешеді.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 235-603

Электрондық пошта:

-

Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасы

Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметінде жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық сақталуын есепке алу  мен бақылауды қамтамасыз ету, жұмылдыру резервінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау міндеттерін шешеді.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 235-603

Электрондық пошта:

as.mautanov@emer.kz

Мемлекеттік резервті есепке алу, бақылау және шығару басқармасы

Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық сақталуын есепке алу мен бақылау, мемлекеттік резервтің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылау міндеттерін шешеді.

Толығырақ