Құрылым

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

- Департамент пен басқарма жұмысының негізгі стратегиясын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына (бұдан әрі – аумақтық МКБ)жеткізу;
- Басқармаға берілген өкілеттіктер шегінде нормативтік және құқықтық актілердің, бұйрықтардың, шешімдердің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу;
- оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда)жүргізуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
-"соттан тыс банкроттық рәсімі" мемлекеттік қызметінің уақтылы және сапалы көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыру;
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдерінің жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

Толығырақ

Телефон:

8 (7282) 24-12-21

Электрондық пошта:

s.tumeneva@kgd.gov.kz

Адам ресурстары басқармасы

Басқарма Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма құрамына екі бөлім кіреді:

персоналмен жұмыс бөлімі;
қызметтік тергеп-тексеру бөлімі.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ұйымның Ережесіне, ТЖБ ережесіне, ұйым басшысының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың негізгі міндеттері ұйымның штатын қажетті кәсіптердің, мамандықтар мен біліктіліктің қызметкерлерімен толықтыру, ұйымдағы кадрларды іріктеу және орналастыру; кадрлар бөлімінің жұмысын жетілдіруге бағытталған процестердің жай-күйін болжау және басқару; кадрларды оқытуға, даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға және қызметкерлердің тиімділігін бағалауға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу; кадрларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру; Ұйымда кадрлардың есебін жүргізу; Ұйымның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің кадр мәселелері жөніндегі қызметін құжаттамалық және ақпараттық қамтамасыз ету; атқарушылық тәртіптің жай-күйін талдау; материалдық және моральдық көтермелеуді дайындауға қатысу, сондай-ақ қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту; еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың айналымын, жұмыс уақытын жоғалтуды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, олардың орындалуын бақылау; Қызметкерлердің тиімділігіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, оны әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, аттестаттау нәтижелерін талдауға қатысу, аттестаттау комиссиясы шешімдерінің орындалу барысына тұрақты бақылауды жүзеге асыру; ҚР Президентінің Жарлығымен, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы" заңда белгіленген қағидаттарға сәйкес жүйеде мемлекеттік қызмет өткеруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараны әзірлейді және ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" Заңының талаптарын орындау.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Абдуллина Нагипа Аныковна

Телефон:

8 (728-2) 24-11-06

Электрондық пошта:

na.abdullina@kgd.gov.kz

Талдау және тәуекелдер басқармасы

Талдау және тәуекелдер басқармасы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2 бөлімнен тұрады:

Тәуекелдер бөлімі

Талдау бөлімі

Талдау және тәуекелдер басқармасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді және басқарманың ережесін басшылыққа алады.

Басқарманың міндеттеріне барлық деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімдері бойынша болжамды бағалауды орындау, салықтар, төлемдер және басқа да қаржылық міндеттемелер түсімдерінің серпінін қадағалау кіреді.

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз ету, бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін анықтау бойынша жұмысты бақылау және үйлестіру, резервтерді анықтау бойынша жаңа модельдер мен бағыттарды әзірлеу. Салық және кеден заңнамасын жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (728-2) 24-12-59

Электрондық пошта:

l.aitakhunova@kgd.gov.kz

Заң басқармасы

Заң басқармасы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ басқарма Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарудың негізгі міндеттері:

- Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

- заңнамада белгіленген тәртіппен соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда мемлекеттік кірістер органдарының мүдделерін қорғау;

- Нормативтік құқықтық актілердің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың, оның ішінде Департаменттің жобаларын әзірлеуге қатысу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, Департаментте және оның аумақтық басқармаларында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

- департаменттің, оның аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Байқаш Әсем Тұрарбекқызы

Телефон:

IP 5105-1234

Электрондық пошта:

a.bajkash@kgd.gov.kz

Ұйымдастыру-қаржы басқармасы

Ұйымдастыру-қаржы басқармасының негізгі міндеттері хаттамалық тапсырмалардың уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, Қаржы министрлігі мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің негізгі стратегиясын Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының бақылау-экономикалық жұмысының жай-күйін тексеру қорытындылары бойынша қабылданған бұйрықтардың орындалуын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, шаруашылық процестер мен қызметтің қаржылық нәтижелері туралы толық және дұрыс ақпаратты қалыптастыру болып табылады.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Ерғалиев Дәурен Ерболұлы

Телефон:

8 (728 2) 24- 15-18

Электрондық пошта:

da.ergaliev@kgd.gov.kz

Ақпараттық технологиялар басқармасы

Ақпараттық технологиялар басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ұйымның Ережесіне, АТБ Ережесіне, ұйым басшысының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады. Басқарманың негізгі міндеттері Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық-техникалық жобаларды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру. Жүзеге асыруды ұйымдастыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүргізу, Департаменттің ақпараттық жүйелерін іске қосу және пайдалану бойынша жедел ынтымақтастықты жүзеге асыру; Департаменттің ақпараттық жүйелердің және серверлік, компьютерлік, телекоммуникациялық, желілік жабдықтардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету. Департаменттің ақпараттық жүйелерінің, соның ішінде бағдарламалық-аппараттық кешеннің және технологиялық жабдықтардың қызметі үшін бюджеттік қаражаттарды жоспарлау; құрылымдық бөлімшелерінің сұранымдарының негізінде жүзеге асырылатын бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімін құрастыру үшін материалдар дайындау; ақпараттандыру бағдарламалары бойынша, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін құжаттарды дайындау; Аппараттық, оның ішінде  ақпаратты-байланыс жүйелерінің желілік жабдықтарының техникалық қызмет етуін және мониторингін ұйымдатыру; Келісілген келісім-шарттар бойынша ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану бойынша бюджеттік бағдарламаларды  орындау мақсатында қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша қызмет көрсетулерді жабдықтаушыларды бақылау; Метериалды-техникалық базаның компьютерлік, серверлік, байланыс жабдықтарының, қосалқы бөлшектерінің және материалдарының есебін жүргізу; Департаменттің ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Нормативтік және методологиялық құжаттарына сйкес  ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті жүзеге асыру бойынша шараларды дайындау, қамтамасыз ету және бақылау; Департамент ақпараттық ресурстарының сақталуын, серверлік жабдықтарды, деректер қоймасын, Комитетпен пайдалануға қабылданған белсенді желілік және коммуникациялық жабдықтарды және ақпараттық жүйелерді жүйелік әкімшілендіруді қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің ақпараттарының деректер базасын резервтік көшіру және мұрағаттау.

Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие. Басқарма басшысы Басқармаға жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады; Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

.

Толығырақ

Телефон:

8 (728-2) 24-10-48

Электрондық пошта:

d.kurmangaliev@kgd.gov.kz

Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасы

Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасы - Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметін ҚР Конституциясына, заң актілеріне, Президенттің және Үкіметтің шығарған актілеріне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, Департамент туралы ережеге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың негізгі қызметтері- салық және кеден заңдылықтарын және мемлекеттік саясат салығын дұрыс және бірыңғай сұрақтары бойынша түсіндіру;

  • түсіндіру түріндегі мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
  • қалалық және аумақтық Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне сонымен бірге заңды тұлға –салық төлеушілерге салық заңнамасының сұрақтары бойынша семинар, ақыл-кеңес жұмысын ұйымдастыру;
  • ҚР ҚМ СК ақпараттық парталымен СМИ, бұқаралық ақпараттық құралдарымен түсіндіру мәліметтерді орналастыру бойынша ынтымақтастық жұмысын ұйымдастыру;

Қаржы Министрлігінен және Мемлекеттік кірістер Комитетінен, Департаментінен басқа да мемлекеттік органдардан сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері бойынша, құрылымдық және аумақтық салық басқармаларынан келіп түскен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

8 (728-2) 24-12-60

Электрондық пошта:

te.bisenov@kgd.gov.kz

Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасы

Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасы келесі бөлімдерден тұрады:

Камералдық кедендік тексерулер бөлімі

Көшпелі кедендік тексерулер бөлімі

Басқарманың негізгі міндеттері: Салық және кеден заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және СЭҚ қатысушыларының құқықтарын сақтау болып табылады.

Тексеру нәтижелері туралы, кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды уақтылы шығару және олардың орындалуын бақылау.

Берешек сомалары бойынша материалдарды кедендік бақылау нәтижелері бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеудің өндірістік сомалары бойынша есепке алу және өндіріп алу үшін тиісті бөлімшеге уақтылы беру. Көшпелі кедендік тексерулер бөлімі заңды тұлғаның орналасқан жеріне, дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыруға немесе осындай тұлғалардың қызметті нақты жүзеге асыратын орнына барып кедендік тексерулер жүргізеді. Көшпелі тексеру жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру және қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру болуы мүмкін. Жоспардан тыс көшпелі тексерулер оларды өткізу мерзімділігі бойынша шектеусіз жүзеге асырылады. Кеден одағы мен ҚР кеден заңнамасын, халықаралық шарттарды және кеден дела саласындағы өзге де заңнаманы сақтау мәніне тауарлар шығарылғаннан кейін көшпелі және камералдық кедендік тексерулерді жүзеге асыру

.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Уваисов Нурлан Муратович

Телефон:

8 (728-2) 24-10-99

Электрондық пошта:

nu.uvaisov@kgd.gov.kz

Тарифтік реттеу басқармасы

Тарифтік реттеу басқармасы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Міндеті Кеден одағының кеден заңнамасының, орындалуын бақылау мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын өзектендіру, ЕАЭО СЭҚ ТН практикалық қолдануда ұйымдастыру. Тауарлардың шығарылған елін және сыныптамасын айқындаудың дұрыстығын бақылау, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Кеден одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тарифтік реттеу шараларының сақталуы. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты арнайы , демпингке қарсы және өтемақы баждарының, алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының ставкаларының қолданылуын бақылау. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктердің берілуін, халықаралық келісімдерге, кеден заңнамасына сәйкес берілуін бақылау. Кедендік баждардың салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу бойынша бақылау, ақшаны уақытша орналастыру шоттарында есепке алу және бақылау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің өзге де шаралары. Тауарлардың кедендік құнын анықтаудың дұрыстығын бақылау

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Ахметов Даурен Берикович

Телефон:

8 (728 2) 24-12-26

Электрондық пошта:

daur.akhmetov@kgd.gov.kz

Кедендік әкімшілендіру басқармасы

Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Департаменттің құзыреті шегінде кедендік және өзге мемлекеттердің уәкілетті (мемлекеттік) органдарымен, шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен, кедендік бақылау мәселелері бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттерінің кеден қызметтерімен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты және Департаменттің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға уақытылы ақпарат беріп, консультация беріп отыру.

Кедендік бақылау аймақтарын құру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Бақылау-өткізу пункттерінде көлік құралдарының жүруінің технологиялық сызбаларын сақтауды бақылау және әзірлеу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынумен байланысты шартты түрде шығарылған тауарларды әкімшілендіру.

Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шет мемлекеттердің басқа құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

Басқарманың құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс қозғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылау;

Өз құзыреті шегінде ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;

         Кедендік бақылауды жүзеге асыруға байланысты кедендік операциялар мәселелері бойынша және Басқарманың құзыретіне кіретін басқа мәселелерімен кеңсенің және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және Басқарманың құзыретіне кіретін басқа мәселелер;

         Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

         Басқарманың құзыретіне кіретін кедендік бақылау мәселелері мен халықаралық ынтымақтастық процестері бойынша өзара іс-қимыл жасау жыне қатысуды қамтамасыз ету.

         Кеден органдары кедендік операцияларды жасау кезінде қабылдаған зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды сақтау;

         Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдерге орналастыруға байланысты кедендік операциялар кезінде зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі іс-шаралардың сақталуын бақылау;

         Тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылау;

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу;

         Кедендік транзит пен тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерге әкетудің кедендік рәсімін қолдануды бақылауды ұйымдастыру;

         1975 жылғы Кедендік конвенцияға сәйкес жылжытылған тауарлар мен көлік құралдарын бақылау;

         Тағайындалған кеден органына тауарлар мен көлік құралдары жеткізілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының және ЕЭО-ның кедендік заңнамасында көзделген шаралардың қабылдануына бақылауды үйлестіру;

         Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарымен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарымен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;

         Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес ресімделген және «Астана-1» АЖ-ға ақпарат енгізетін кедендік декларациялардың электрондық көшірмелерін қалыптастырудың дұрыстығына ақпараттық технологияларды қолдана отырып бақылауды жүзеге асыру.

Кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялардың орындалуын бақылау.

Кедендік декларацияны толтыру дұрыстығын бақылау;

Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сондай-ақ Департаменттің құрылымдық бөлімшелері ұсынған есептілік деректерін пайдалана отырып, әрекеті аяқталмаған кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларды бақылау;

    Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен келетін, кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерді қолдануға және бақылауға байланысты кедендік операцияларды жүргізу туралы талдамалық және есептік ақпаратты жинау және жалпылау;

Басқарманың құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелерге тексеру жүргізу және қатысу;

Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің кедендік рәсімдерді бақылау кезінде тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын бақылау;

тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру шартының сақталуын бақылау;

Кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жүргізу технологиясы мен әдістемесін жетілдіру, соның ішінде тауарлар Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін иемденбейтін жағдайда кедендік рәсімдердің талаптарын сақтау;

Басқарманың құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары үшін кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерді қолдануға және бақылауға байланысты кедендік операциялар мәселелері бойынша оқыту және семинарларына (тренингтерге) қатысу.

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тәуекелдер профилдерін әзірлеу;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге және енгізуге қатысу;

Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау.

Басқарманың құзыретіне кіретін кедендік декларациялау мәселелері бойынша кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тексеруді жүзеге асыруға қатысу;

кедендік декларациялау мәселелері бойынша кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау.

тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды ұйымдастыру және бақылау;

өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік инфрақұрылымды жақсарту бойынша өткізу пункттерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

оларды өткізу санаттарына сәйкес өткізу пункттерінде қажетті инфрақұрылымды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Өткізу пункттерінде интегралды бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау.

Бөлінетін және радиоактивті материалдарды кедендік бақылауды ұйымдастыруды үйлестіру.

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

Толығырақ

Телефон:

8/7282/ 24-11-64

Электрондық пошта:

Zh.zheksenbekov@kgd.gov.kz

Камералдық мониторинг басқармасы

Камералдық мониторинг басқармасы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқару келесі бөлімдерден тұрады:

№ 1 камералдық мониторинг бөлімі

№ 2 камералдық мониторинг бөлімі

Камералдық мониторинг басқармасы салық төлеушілердің салық міндеттемелерін, салық агенттерінің - "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексінде белгіленген тәртіппен салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерді орындауын, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеудің дұрыстығын және уақтылы төлеуді бақылау жөніндегі міндеттерді іске асыруды жүзеге асырады.

Толығырақ

Телефон:

8 (728-2) 24-10-64

Электрондық пошта:

g.sarmurzinova@kgd.gov.kz

Берешектермен жұмыс басқармасы

Берешектермен жұмыс басқармасының негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасын қолданудың заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету, салық берешегін, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (7282) 24-10-75

Электрондық пошта:

a.szheldibaeva@kgd.gov.kz

Өндірістік емес төлемдер басқармасы

Өндірістік емес төлемдерді басқарудың негізгі міндеттері:

бюджетке өндірістік емес төлемдердің толық және уақтылы түсуін бақылау, бюджеттерге өндірістік емес төлемдердің түсуін көздейтін ҚР салық заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету олардың тиімділігін зерделеу, өндірістік емес төлемдерді жинауды әкімшілендірудің қолданыстағы әдістерін жан-жақты және талдауды жүзеге асыру, "жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация" және "жеке табыс салығы мен мүліктің активтері мен міндеттемелері туралы декларация" бойынша қажетті ақпаратты сұрау салу бойынша ұсыну тұлғалар"

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Бейсекбай Гульмира

Телефон:

8 (728-2) 24-12-90

Электрондық пошта:

g.beisekbay@kgd.gov.kz

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының негізгі міндеттері:

 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің нормаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жол берілетін бұзушылықтардың себептерін анықтау, алдын алу және жою; жүргізілген бақылау нәтижелері негізінде мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметін жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де сипаттағы ұсынымдарды әзірлеу; ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына жеке, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді (резидент еместерді тіркеуге ғана қатысты) енгізу бойынша бақылауды қамтамасыз ету; салық төлеушілерді, қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебіне қою және алу бойынша бақылауды қамтамасыз ету (айналымнан асып кеткен жағдайды қоспағанда - АЕК 30 000 еселенген мөлшерінен асатын болса-әкімшілік құқық бұзушылықты басқаруды бақылау; деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының, модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының (ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда), төлем карточкаларын (POS - терминал) пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) қолданылуын бақылауды жүзеге асыру); Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Салық және өзге де заңнамасын қолдану заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету; салық құпиясын және таратпау шарттарын және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған ақпарат пен мәліметтердің құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінде белгіленген әдеп талаптарын және мінез-құлық нормаларын сақтау.

Толығырақ

Телефон:

8 (728-2) 24-12-68

Электрондық пошта:

zh.nurshanova@kgd.gov.kz

Аудит басқармасы

Басқарманың міндеттеріне заңнама талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру, заңды және жеке тұлғалардың қызметін бірлескен тексерулерге қатысу, салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау, ішінара және жоспардан тыс салықтық тексерулерді жүзеге асыру, заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштері бойынша тексерулерді жүзеге асыру, "САЭБ" АЖ-ға салықтық тексерулер актілерін енгізу сапасына бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Аудит басқармасы 2 бөлімнен тұрады:

аудит бөлімі

САЭБ бөлімі

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Айтышев Асхат Турсынович

Телефон:

8 (728-2) 24-12-89

Электрондық пошта:

a.aityshev@kgd.gov.kz

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма екі бөлімнен тұрады:

ҚҚС әкімшілендіру бөлімі;

акциздерді әкімшілендіру бөлімі.

Басқарманың негізгі міндеттері болып:

Жанама салықтардың бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, ҚР Салық заңнамасын сақтау. Жанама салықтарды әкімшілендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жанама салықтарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру. Жанама салықтарды әкімшілендіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Мемлекеттің салық саясатын, Қазақстан Республикасының Салық және өзге де заңнамасын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелері бойынша білікті түсіндіру жұмыстарын жұргізу болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (728-2) 24-11-07

Электрондық пошта:

ta.zharymbetov@kgd.gov.kz