2026 жылдан бастап салық есептілігін қабылдау

Суретте қаржылық есеп жүргізу және құжаттармен жұмыс істеу процесі бейнеленген. Адам дәптерге мәліметтер жазып отыр, жанында калькулятор, түбіртектер мен құжаттар орналасқан. Бұл бухгалтерлік есепті, бюджетті жоспарлауды және шығындарды талдауды білдіреді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық салудың барлық негізгі аспектілеріне — салық мөлшерлемелерінен бастап салықтық әкімшілендіру және салық есептілігін ұсыну тәртібіне дейін әсер ететін жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді.

Осы өзгерістердің мақсаты – қызмет көрсету моделіне көшу, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын цифрландыру, салық міндеттемелерін әкімшілендіруді жеңілдету, ашықтықты арттыру, сондай-ақ шағын және микробизнесті қолдау.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес салық есептілігінде не өзгерді?

2. Есептілік саны қысқарды

Салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқартылып, бұрынғы 39 СЕН орнына 28 нысан ғана қалды. Бұл дегеніміз: құжаттар мен нысандар азайды;
қайталанатын ақпарат қысқарды; қандай есепті қашан тапсыру керектігін түсіну жеңілдеді.

Қазіргі уақытта келесі нысандардың күші жойылды: 911.00, 912.00, 913.00 нысандары (патент, тіркелген шегерім және бөлшек салық негізіндегі арнаулы салық режимдерінің жойылуына байланысты); 101.01 нысаны (автоматтандыру); 180.00 нысаны (100.00 нысанына қосымша ретінде); 240.00 нысаны (270.00 нысанының құрамына енгізіледі); 421.00 нысаны (400.00 нысанына қосымша ретінде); 540.00 нысаны (150.00 нысанына қосымша ретінде); 560.00 және 570.00 нысандары (590.00 нысанына қосымша ретінде); 701.00 нысаны (автоматтандыру).

Бұл шара кәсіпкерлік субъектілеріне және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған. Әсіресе, есепті өз бетінше жүргізетін жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін бұл өте маңызды.

Жарияланған күні

21 мамыр 2026

Жаңарту күні

21 мамыр 2026