Салықтық әкімшілендіру

Салықтық әкімшілендіру

Салықтық әкімшілендіру салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді жинау бойынша салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, оның ішінде салықтық бақылауды жүзеге асыруды, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер және салықтық әкімшілендірудің осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарын көрсетуді білдіретін шаралар мен тәсілдер жүйесі (жиынтығы) болып табылады.

1-1. Салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) жүзеге асырылатын аумақты (учаскені) және (немесе) өңірді, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) қағидалары мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

2.Салықтық әкімшілендіру:

1) заңдылық;

2) салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;

3) тәуекелдерді бағалауға негізделген салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі сараланған тәсіл қағидаттарына негізделеді.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға
  • @shko.salyq.kz Instagram парақшасындағы тікелей эфирдің анонсы. Көк түсті фонда мемлекеттік кірістер органдарының эмблемасы бейнеленген. Эфир 2026 жылғы 29 қазанда сағат 16:00-де өтеді. Тақырыбы — «ҚҚС бойынша камералдық бақылау хабарламаларын орындау». Суретте спикер Гүлмира Мұратбекқызы Қайназарованың фотосы және оның лауазымы көрсетілген.өтіп кетті
    Андатпа!
  • ШҚО ӨКП ҚР «Атамекен» алаңында «Салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтеді. Іс-шара 2026 жылғы 23 қазанда сағат 10:00-де Өскемен қаласы, Әуезов көшесі, 26/1, акт залында өтеді. Семинарға ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және салық төлеушілер қатысады.өтіп кетті
    Андатпа!
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз конференциясының анонсы. Іс-шара 2026 жылғы 21 қазанда сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтеді. Тақырыбы — 2026 жылдың 9 айындағы республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу қорытындылары және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері. Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 70, 2-қабат.өтіп кетті
    Аңдатпа!

Іске асырылып жатқан жобалар

Бағыт бойынша барлық жоба

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Шаруа қожалықтары басқа елді мекенде мүлікті жалға беру кезінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолдануға құқылы ма?

Бір елді мекенде шаруа қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын және басқа елді мекенде мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) тапсыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде салық төлеушінің бір мезгілде шаруа қожалықтары үшін арнаулы салық режимін  және арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ. Мүлікті мүліктік жалға тапсыру (жалға алу) жөніндегі қызмет түрі бойынша салық төлеуші шаруа қожалығы тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салық есептілігін (салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірмей 220.00 СЕН) ұсынуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.