Өскемен қаласында «Қызмет алушылар күні» өтті

Суретте Қазақстанның мемлекеттік мекемесіндегі (ШҚО Әлеуметтік қорғау департаменті) азаматтарды қабылдау сәті көрсетілген. Ақ үстел басында костюм киген екі қызметкер қара футболкадағы ер адамды (келушіні) мұқият тыңдап отыр. Артындағы қабырғада отбасы бейнеленген жасыл логотип, ал үстелде «Қызмет алушылар күні» деген тақтайша тұр.

2026 жылғы 20 мамырда Өскемен қаласының №3 ХҚКО-да халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы азаматтарды ақпараттандыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті.

Іс-шараға Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлік және салық саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың мамандары қатысты.

Кездесу барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, өтініш беру жолдары, электрондық сервистерді пайдалану, сондай-ақ салық заңнамасындағы және салықтық есептілікті ұсыну тәртібіндегі өзгерістер түсіндірілді.

Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтары бойынша кеңес алып, мемлекеттік органдардың электрондық сервистерімен жұмыс істеу бойынша практикалық көмек алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, халықпен кері байланысты дамытуға және азаматтардың цифрлық сауаттылығын көтеруге ықпал етеді.

Жарияланған күні

21 мамыр 2026

Жаңарту күні

21 мамыр 2026