Банктерден ақпарат алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары қандай шаралар қолданады?

Суретте екі қол көрсетілген, әрқайсысы смартфон ұстап тұр. Телефон экрандарында тиындар бейнеленген, ал екі құрылғының арасында екі бағытта көрсетілген жебелер бар. Бұл ақша аудару немесе мобильді құрылғылар арқылы қаражат алмасу үдерісін білдіреді. Көрініс мобильді төлемдер, онлайн-банкинг және цифрлық қаржылық операциялар идеясын көрсетеді.

Банктерден ақпарат алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары қандай шаралар қолданады?

Жауап:

Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары іс-шараларды екі кезеңде жүзеге асырады.

Бірінші кезең – салық төлеушіні хабардар ету.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіні табыс алу белгілерінің бар екендігі туралы хабардар етеді.

Осы мақсатта салық төлеушіге хабарлама (извещение) жіберіледі, ол ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.

Екінші кезең – бақылау шаралары.

Бұдан әрі, негіздер болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен камералдық бақылау жүргізеді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеушіге хабарлама (уведомление) жолданады.

Хабарламаны орындау оны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жарияланған күні

08 мамыр 2026

Жаңарту күні

08 мамыр 2026