Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру

Суретте Қазақстандағы электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (ЭШФ АЖ) интерфейсі көрсетілген. Экранда пайдаланушының жеке кабинеті, оның ішінде «Менің деректемелерім», «Менің кәсіпорындарым», «Электрондық шарттар», «Орындалған жұмыстар актілері» және «Электрондық шот-фактуралар» бөлімдері бейнеленген. Төменгі жағында «ЭШФ жазып беруді тоқтата тұру» туралы жазу орналасқан.

2026 жылы 1 қаңтардан бастап салық мiндеттемесiн қамтамасыз ету тәсiлдерi ЭШФ жазуын тоқтата тұрумен және шетелдік компанияның интернет алаңына қолжетімділікті шектеумен толықтырылды.

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру Салық кодексінің 88-бабымен реттеледі және 15 негізді қамтиды.

Электрондық шот-фактураларды беруді тоқтата тұруды салық органы тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жояды.

Электрондық шот-фактуралардың берілуін тоқтата тұру немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы шешімдерді салық органы «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шешім қабылдау үшін негіз туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қабылдайды және шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіге табыс етеді.

Электрондық шот-фактураның ұсынылуы тоқтатыла тұрған салық төлеушілер туралы ақпарат электрондық шот-фактуралардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Электрондық шот-фактураның жазылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат жүйеден жойылады.

Жарияланған күні

30 наурыз 2026

Жаңарту күні

30 наурыз 2026