2026 жылғы қаңтар – ақпан айларында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындау

Суретте екі адам қаржылық құжаттармен жұмыс істеп отыр. Біреуі калькулятор қолданып жатыр, ал екіншісі кестеге қаламмен жазып отыр. Үстелде есептеулер көрсетілген құжаттар жатыр, бұл бухгалтерлік есеп немесе талдау жүргізіліп жатқанын білдіреді.

Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылғы қаңтар – ақпанда салық төлемдері бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 38,1 млрд.теңгені құрады. Жоспар 28,3 млрд.теңгені құрап 9,8 млрд.теңге сомасында асыра орындалып  134,8% құрады. 2025 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты өсу қарқыны 602,8 млн.теңге сомасында өсіммен 101,6% құрайды.

Жергілікті бюджет түсімдері бюджеттің 3 деңгейінің: аудандық, облыстық және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің түсімдерінен қалыптастырылады.

Аудандық бюджет бойынша 2 айда түсу фактісі 27,0 млрд.теңгені құрайды; облыстық бюджет бойынша – 9,9 млрд.теңге; жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері боыйнша – 1,2 млрд.теңге. Барлық түсім   38,1 млрд.теңге сомасында.

Жергілікті бюджет түсімдерінің басым бөлігі мынадай көздермен қамтамасыз етілген:

- Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС, түсімдердің үлесі 30,4% немесе 11,6 млрд.теңгені құрайды;

- Әлеуметтік салық, түсімдердегі үлесі 27,7% немесе 10,5 млрд.теңгені құрайды;

- Ірі кәсіпкерлік субъектілері-заңды тұлғалардан алынатын КТС жалпы түсімдегі үлесі 17,8% немесе 6,8 млрд.теңгені құрайды.

Жарияланған күні

30 наурыз 2026

Жаңарту күні

30 наурыз 2026