Құрметті салық төлеуші!

Бұл суретте сот символдары — балға, таразы және заң кітаптары бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің эмблемасы мен атауы орналастырылған. Төменгі бөлігінде «Кім соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады» деген мәтін жазылған.

Сізге, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының 13) тармақшасына сәйкес соттарда мемлекеттік баж төлеуден келесі тұлғалар босатылатыны туралы хабарлаймыз:

-Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарымен Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградталған тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), бірақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамды, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың біреуі – барлық істер және құжаттар бойынша.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған тұлғалар сот органдарына талап арыз берген кезде мемлекеттік бажды бюджетке төлеуден босатылады.

Еске саламыз, мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару мерзімі – бюджетке мемлекеттік баж сомасы төленген күннен бастап үш жылды құрайды (Салық кодексінің 108-бабының 6-тармағы).

Жарияланған күні

27 қараша 2025

Жаңарту күні

27 қараша 2025