Салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша семинар

Суретте ресми жиын көрсетілген. Ұзын үстелдің бойында төрт адам отыр, олардың алдында микрофондар, құжаттар және мониторлар бар. Көк түсті фонда Қазақстанның Кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» логотипі мен атауы көрініп тұр. Жиынға қатысушылар талқылауға мұқият және белсенді қатысып отыр.

2025 жылғы 19 қарашада "Атамекен" ҰКП ШҚФ алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО салық төлеушілері, консалтингтік компаниялардың өкілдері, аудиторлар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін онлайн және офлайн форматта семинар өткізді.

 Кездесу барысында департамент мамандары салық заңнамасының өзекті мәселелерін түсіндірді. Талқыланған тақырыптар:

  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық тексерулеріне енгізілетін

өзгерістер;

  • Темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес. 2026 жылғы 1 қаңтардан

бастап акциздер бойынша өзгерістер;

  • ҚР дереккөздерінен алынатын резидент еместердің кірісін салыққа

тарту, өзгерістер;

  • Заңды тұлғалардың банкроттығы — қарызды қайта құрылымдау рәсімі;

  • Кеден төлемдері мен салықтарды төлеу міндеттемелерін орындауды

қамтамасыз ету.

Іс-шара конструктивті атмосферада өтті, қатысушылар қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Жарияланған күні

19 қараша 2025

Жаңарту күні

19 қараша 2025