ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ашық есік күні өтті

Фотосуретте ресми жағдайда өтіп жатқан іс-шара бейнеленген. Іскерлік костюм киген спикер мектеп оқушыларының алдында сөз сөйлеуде. Оның артында мемлекеттік елтаңба мен Қазақстан туы қойылған мінбер тұр. Оң жақта үстел басында тағы екі спикер іскерлік киімде отыр, олардың алдында микрофондар мен аты-жөндері жазылған тақтайшалар бар. Іс-шара дәріс, кездесу немесе оқушыларға арналған түсіндіру әңгімесі сияқты көрінеді.

2025 жылғы 13 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Адал азамат» оқу - ағарту бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектептің 8 - 11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Іс - шараның негізгі мақсаты – жастардың қаржылық және құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік қызметке қызығушылығын ояту, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін түсіндіру.

Кездесу барысында оқушыларға келесі тақырыптар бойынша ақпараттар ұсынылды:

  • Жеке тұлғаларға салық салудың негіздері;

  • Жалпыға бірдей декларациялау;

  • Қаржылық сауаттылық;

  • Жеке тұлғалардың банкроттығы;

  • Кедендік әкімшілендіру.

Кездесу соңында оқушылар үшін Департамент мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар ведомствоның тарихымен және қызметімен танысып, мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды.

Сонымен қатар, қатысушыларға ҚР Ұлттық валютасы күні мен қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара соңында оқытушылар мен оқушылар қызықты әрі танымды кездесу ұйымдастырғаны үшін Департамент қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, осындай шараларға болашақта да қатысуға ниет білдірді.

Жарияланған күні

14 қараша 2025

Жаңарту күні

14 қараша 2025