Назар аударыңыз!!!

Қара фондағы суретте ноутбуктің алдында қара көйлек киген ер адам отыр және онын қолында смартфонды ұстап отыр. Смартфонның алдында назар аудару белгісі тұр.

Соңғы кездері азаматтар мен кәсіпкерлердің алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензияларды қайта ресімдеуге/алуға/тоқтатуға байланысты алаяқтық схемаларына тап болған жағдайлардың саны өсуде.

Ескерту!!!

Лицензияны қайта ресімдеу, беру және тоқтатудың барлық рәсімдері тек мемлекеттік портал (www.egov.kz – elicense.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық басқармаларының қызметкерлері салық төлеушілерге телефон соғып, код сұрамайды. Сақ болыңыз!!!

Жарияланған күні

16 қазан 2025

Жаңарту күні

16 қазан 2025