«Жаңа Салық кодексінің нормалары» тақырыбында семинар

Суретте Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырған ресми жиналыс немесе баспасөз конференциясы көрсетілген. Үлкен үстелдің артында алты адам отыр – олар кәсіподақ өкілдері немесе жиналысқа қатысушылар. Артқы фонда – ұйымның логотипі мен қазақ және орыс тілдерінде жазулар бар көк баннер. Іс-шара еңбек қатынастары, әлеуметтік қорғау немесе кәсіподақ қызметіне арналған болуы мүмкін.

2025 жылғы 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында «Жаңа Салық кодексінің нормалары» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда келесі спикерлер баяндама жасады:

-Гүлмира Сабралимова — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жеке табыс салығы, мөлшерлемелер, шегерімдер, әлеуметтік салық және арнайы салық режимдері бойынша өзгерістер туралы;
-Гүлмира Карибаева — корпоративтік табыс салығындағы жаңалықтар туралы;
-Асхат Жибитаев — қосылған құн салығына қатысты өзгерістер, оның ішінде мөлшерлемелер, тіркеу тәртібі және артық соманы қайтару мәселелері туралы;
-Азамат Жакиянов — берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары, сондай-ақ салықтарды төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу туралы;
-Гүлжанат Беркутова — камералдық бақылау мәселелері жөнінде.

Семинар барысында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері, салықтық әкімшілендірудегі өзгерістер, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік қызметке қатысты практикалық мәселелер талқыланды.

Семинардың соңында Департамент өкілдері салық төлеушілер қойған сұрақтарға жауап берді.

Жарияланған күні

03 қазан 2025

Жаңарту күні

03 қазан 2025