2024 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығы

Суретте адамның қолдары бейнеленген, ол калькулятор арқылы жылжымайтын мүлікке байланысты құнды немесе салықты есептеуде. Үстелде тұрғын үйді бейнелейтін шағын үй макеті қойылған.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады:

  • Төлеу мерзімі – 2025 жылғы 1 қазанға дейін.
  • Салық автоматты түрде есептеліп, меншік иелеріне push-хабарлама, e-Salyq Azamat және eGov mobile арқылы жеткізілді.

 

Уақтылы төлемеген жағдайда:

  • 2025 жылғы 2 қазаннан бастап қарыз туралы хабарлама жолданады.
  • Қарыз 1 АЕК-тен асқан жағдайда – жеке сот орындаушылары арқылы мәжбүрлі өндіріп алу жүргізіледі.
  • Салдары: 25%-ға дейінгі атқарушылық жинақ, банктік шоттарды бұғаттау, елден шығуға шектеу.

 

Төлеу тәсілдері:

  • e-Salyq Azamat, eGov.kz.
  • Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.
  • Банкоматтар және төлем терминалдары.
Жарияланған күні

18 қыркүйек 2025

Жаңарту күні

18 қыркүйек 2025