Қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап

Суретте "сараланған ҚҚС ставкалары"деген жазуы бар қызыл көйлек киген қыз бейнеленген. Мәтіннің сол жағында қызыл шот түріндегі белгіше орналасқан. Сурет иллюстрациялық стильде жасалған және әр түрлі қосылған құн салығының ставкаларымен байланысты салық салу тақырыбын көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады

Сараланған ҚҚС ставкалары:

1) 16% - салық салынатын айналым мөлшерінен және ол салық салатын ипорттан

2) 5% - 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап және 10% - 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:

         - өткізу және импорт бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен:

  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде өткізілген тауарларды қоспағанда, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеуге арналған, дәрілік заттар;
  • медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдарды жинақтау, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.

- ТМККК және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін өткізілгендерді қоспағанда, медициналық қызметтерді, оның ішінде кешенде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен.

3) 10% - отандық мерзімді баспа басылымдарын өткізу бойынша айналым мөлшерінің.

 

Салық кодексінің 490 – бабында айқындалған шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімін өндіруді, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС - тың қосымша сомасы-80%.

Жарияланған күні

05 қыркүйек 2025

Жаңарту күні

05 қыркүйек 2025