Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: көлік салығын төлеу – әр азаматтың міндеті

Суретте BMW маркалы сұр жеңіл автокөлік көрсетілген, көліктің астында бірнеше 2000 теңге ақшалары жатыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғалар көлік салығын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін өз бетінше есептеп, төлеуге міндетті. 2025 жылы 2024 жылға есептелген салық төленуі тиіс.

Салық есептеулері ақпан–наурыз айларында қалыптастырылып:

  • gov.kzжеке кабинеті,

  • eGov, e-Salyq Azamat,

  • Kaspi мен Halyk қосымшалары арқылы жолданады.

2025-ғы 30 маусымдағы жағдай бойынша, көлік салығы бойынша берешек 498,9 млн теңгені,12 494 жеке тұлғаны құрайды, бұл жергілікті салықтар бойынша жалпы берешектің 97%-ын құрайды. 

Уақытында төленбесе хабарлама жіберіледі,өсімпұл есептеледі, іс жеке сот орындаушыларына (ЖСО) жолданады

- мүлікке тыйым салуы

- банк карталарын бұғаттауы;

- елден шығуға және көлік жүргізуге шектеу қоюы мүмкін.

2025 жылдың басынан бері 447 рейд өткізілді,582 борышкер 10,9 млн теңге көлемінде берешекті өтеді,9 865 қаулы ЖСО-ға берілді,  оның 7 691-і орындалды.

Жарияланған күні

18 шілде 2025

Жаңарту күні

01 тамыз 2025