Құрылым

Талдау басқармасы

Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді және басқарманың ережесін басшылыққа алады.

Басқарманың міндеттеріне барлық деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімдері бойынша болжамды бағалауды орындау, салықтар, төлемдер және басқа да қаржылық міндеттемелер түсімдерінің серпінін қадағалау кіреді.

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз ету, бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін анықтау бойынша жұмысты бақылау және үйлестіру, резервтерді анықтау бойынша жаңа модельдер мен бағыттарды әзірлеу. Салық және кеден заңнамасын жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1042)

Электрондық пошта:

R.Burkitbaeva@kgd.gov.kz

Заң басқармасы

Департамент қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сот және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда департаменттің мүдделерін белгіленген тәртіппен құқықтық құралдармен ұсыну және қорғау. Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының қызметін құқықтық сүйемелдеу, мемлекеттік кірістер органдары мен төлеушілердің заңнаманы қолдану тәжірибесін қорыту, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Бокаева Галия Хайырлаевна

Электрондық пошта:

g.bokaeva@kgd.gov.kz

Адам ресурстар басқармасы

Орындалуына бақылау жасау Департаментке жүктелген Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға қатысу; Мемлекеттік кірістер органдарының оңтайлы ұйымдық-штаттық құрылымын және штат санын құру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; кадрларды іріктеу және орналастыру; Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен Департаменттің аумақтық органдарын кадрлармен жасақтауды қамтамасыз ету; кадрларды оқыту, біліктілігін арттыру және кәсіптік оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Департаменттің аумақтық бөлімшелері қызметкерлері мен қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауын бақылау; Департаменттің лауазымды тұлғаларының есептік жеке деректерімен жұмысты ұйымдастыру

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1185)

Электрондық пошта:

a.zhaumytbaeva@kgd.gov.kz

Ұйымдастыру-қаржы басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері хаттамалық тапсырмалардың уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, Қаржы министрлігі мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің негізгі стратегиясын Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының бақылау-экономикалық жұмысының жай-күйін тексеру қорытындылары бойынша қабылданған бұйрықтардың орындалуын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, шаруашылық процестер мен қызметтің қаржылық нәтижелері туралы толық және дұрыс ақпаратты қалыптастыру болып табылады

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1006)

Электрондық пошта:

r.ahmetzhanov@kgd.gov.kz

Ақпараттық технологиялар басқармасы

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ұйымның Ережесіне, АТБ Ережесіне, ұйым басшысының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың негізгі міндеттері Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық-техникалық жобаларды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру. Жүзеге асыруды ұйымдастыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүргізу, Департаменттің ақпараттық жүйелерін іске қосу және пайдалану бойынша жедел ынтымақтастықты жүзеге асыру; Департаменттің ақпараттық жүйелердің және серверлік, компьютерлік, телекоммуникациялық, желілік жабдықтардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (2010)

Электрондық пошта:

i.sattigulova@kgd.gov.kz

Аудит басқармасы

Аудит басқармасы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқарма құрамына 3 бөлім кіреді:

Аудит бөлімі
Салықтық және кедендік тексерулер сапасын бақылау бөлімі
Кеденнен кейінгі бақылау бөлімі

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1021)

Электрондық пошта:

b.sabdenov@kgd.gov.kz

Пост-кедендік бақылау басқармасы

Тауарлар шығарылғаннан кейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; камералдық, көшпелі кедендік тексерулер актілерінің жасалуын бақылау; есепке алу әдісімен ҚҚС төлеумен ресімделген тауарлардың мақсатты пайдаланылуын бақылау; СЭҚ қатысушыларының өтініштері бойынша және кедендік тексеру актілерінің нәтижелері бойынша ТД-ға тиісті толықтырулар мен өзгерістердің енгізілуін бақылау; әкімшілік әрекеттердің жасалуын бақылау; қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды ЭТД уақтылы беруді бақылау.

Толығырақ

Телефон:

30-13-10 (1076)

Электрондық пошта:

s.ospanov@kgd.gov.kz

Ірі салық төлеушілер және халықаралық салық салу басқармасы

Ірі салық төлеушілер басқармасының негізгі міндеті мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты салықтық мониторинг пен тексерулерді жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Ірі салық төлеушілер басқармасының негізгі функциялары мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің салық мониторингін олардың нақты салық салынатын базасын айқындау мақсатында салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүргізу, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындау мәселелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерді және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік органдармен салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1104)

Электрондық пошта:

zh.babaeva@kgd.gov.kz

Камералдық мониторинг басқармасы

Орындалуын бақылау Департаментке жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға қатысу, жекелеген мәселелер бойынша салықтық әкімшілендірудің тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды (ескерту хаттарды) пысықтаудың тиімділігін қамтамасыз ету

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (2006)

Электрондық пошта:

r.munalbaev@kgd.gov.kz

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқарма 3 бөлімен тұрады: 

Мемлекеттік қызметтерді дамыту және сапасын бақылау бөлімі
Дербес шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімі
Байланыс-орталығы
Басқарманың негізгі міндеттері болып:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің нормаларын сақтау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жол берілетін бұзушылықтардың себептерін анықтау, алдын алу және жою, ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына жеке, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу бойынша бақылауды қамтамасыз ету, салық төлеушілерді тіркеу есебіне қою және алу бойынша бақылауды қамтамасыз ету, бақылау-касса машиналарының қолданылуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Салық және өзге де заңнамасын қолдану заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Сартаева Айна Жанбыровна

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1193)

Электрондық пошта:

a.sartaeva@kgd.gov.kz

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы

Негізгі міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау болып табылады, оның орындалуын бақылау Департаментке жүктелген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға қатысу, бюджетке ҚҚС түсуінің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету. ҚҚС бойынша жеткізілген көрсеткіштердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы салық төлеушілердің талаптары бойынша ҚҚС асып кеткен сомасын бюджеттен қайтарудың негізділігі мен уақтылылығын, оның ішінде ақпараттық жүйелерді (СЕӨС АЖ, БСАЖ/САЭБ АЖ) пайдалана отырып қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (2003)

Электрондық пошта:

bau.tokabaev@kgd.gov.kz

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың салық және кеден заңнамасын түсіндіруді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша қоғамның салық және кеден мәдениетін және хабардарлығын арттыру

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1144)

Электрондық пошта:

Dzh.Rakashova@kgd.gov.kz

Берешектермен жұмыс басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, оның ішінде дәрменсіз борышкерлерді банкроттық және оңалту рәсімдерін жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу жолымен уақтылы және толық түсуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1000)

Электрондық пошта:

a.myrzaliev@kgd.gov.kz

Өндірістік емес төлемдер, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерді әкімшілендіру басқармасы

Орындалуына бақылау жасау Департаментке жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;  Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға қатысу; бюджетке өндірістік емес төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету; жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін толық және уақтылы орындауын қамтамасыз ету;  жалпыға бірдей декларациялау мәселесін әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз ету

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Джаканқызы Мадина

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1029)

Электрондық пошта:

m.taszhanova@kgd.gov.kz

Кедендік әкімшілендіру басқармасы

Департаментке жүктелген Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасын сақтау, мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; өз құзыреті шегінде ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру; кедендік рәсімді мәлімдеу алдындағы операциялардың жүргізілуіне, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуына және тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетуге бақылауды ұйымдастыру; басқа мемлекеттердің кеден органдарымен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету; кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шығаруға бақылауды қамтамасыз ету; ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кедендік рәсімдер шарттарының, оның ішінде тауарлар оларға тауарлар мәртебесіне ие болмайтын үй-жайлар кезінде сақталуын қамтамасыз ету; тауарлар мен көлік құралдарының жекелеген санаттарын кедендік декларациялауға байланысты, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кедендік операциялардың жасалуын бақылау; мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз етілуінің орындалуын бақылау

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Шамуратов Султан Исаевич

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1103)

Электрондық пошта:

S.Shamuratov@kgd.gov.kz

Тарифтік реттеу басқармасы

Тарифтік реттеу басқармасы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқарма кедендік құнд бөлімі мен тауарларды жіктеу бөлімінен тұрады. Басқарманың міндеті - орындалуын бақылау Мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының орындалуына бақылау жасау. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасын жаңарту (бұдан әрі - ЕАЭО ТН ВН), ЕАЭО ТН ВЭД тәжірибеде қолдануын ұйымдастыру. Тауарлардың шығарылған елі мен жіктелуін анықтаудың дұрыстығын, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тарифтік реттеу шараларының сақталуын бақылау.

Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының, алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтем баждарының ставкаларын қолдануына бақылау жасау. Халықаралық келісімдерге, кеден заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер беруді, қамтамасыз етуді бақылау. Тауарлардың кедендік құнын анықтаудың дұрыстығын бақылау.

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1064)

Электрондық пошта:

n.saliev@kgd.gov.kz

ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау; баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды, сондай – ақ осындай мөлшерлемелердің (бұдан әрі-тізбедегі тауарлар) мөлшерін әкетуге жол бермеуге бақылауды ұйымдастыру; Еуразиялық экономикалық одақта (бұдан әрі – ЕАЭО)  халықаралық шарттық базасына сәйкес ЕАЭО импорттау/экспорттау, өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде бюджетке ҚҚС түсуінің толықтығын қамтамасыз ету; импортталатын және экспортталатын тауарларды есепке алу және талдау; түсімдердің қорларын  анықтау және бюджетке импортқа ҚҚС түсімдерін ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізу.

Толығырақ

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1185)

Электрондық пошта:

k.tleubaeva@kgd.gov.kz

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы

Заңды және жеке тұлғалардың банкроттық рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізу, оңалту рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруға қатысу, оңалту және банкроттық туралы заңнамасының және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнамасының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, банкрот кәсіпорындарды әдейі және жалған банкроттық белгілеріне анализді уақытылы жасау және соттын тыс рәсімін қолданған жеке тұлғалардың қаржы мониторингін уақытылы жасау.

Толығырақ

Басқарма басшысы:

Шораев Еділбай Рамазанұлы

Телефон:

(7292) 30-13-10 (1138)

Электрондық пошта:

e.shoraev@kgd.gov.kz