Жиі қойылатын сұрақтар
Ыңғайлы және жылдам тәсілдің бірнеше түрі бар:
- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы (kgd.gov.kz): «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қосымша бетін таңдаңыз. Бәрі қарапайым және түсінікті!
- e-SalyqAzamat мобильді қосымшасы: Оны App Store немесе PlayMarket-тен жүктеп алыңыз. Сіздің салық кабинетіңіз әрқашан қолыңызда!
- Telegram-дағы SalyqBot: Егер сіз Telegram-ды белсенді қолдансаңыз, бұл бот қажетті ақпаратты тез алуға көмектеседі.
- kz электрондық үкімет порталы: мемлекеттік қызметтерді алуға арналған ең танымал ресурстардың бірі.
Кеден алымдарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) егер кеден алымдарының сомалары артық төленген (артық өндіріп алынған) не қате төленген болып табылған жағдайда жүзеге асырылады
Сіздің меншік құқығыңыз жасалған екіжақты мәміле және уәкілетті органда тіркелген мәміле негізінде ғана тоқтатылады, автомобильді басқа тәсілдермен (сенімхат бойынша не сақтандыру бойынша) сату меншік құқығын тоқтатпайды. Демек, салықтар уәкілетті органда ресми тіркелген автокөлік иесіне есептеледі. Бұл ретте КО-ны Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес сенімхат бойынша беру мүлікті иеліктен шығару және меншік құқығын беру болып табылмайды, бірақ оны басқаруға немесе меншік иесінің атынан мүдделерін білдіруге құқық береді
Салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу мерзімі салық өтініші тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды
Салық кодексінің 48-бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ескіру мерзімі үш жылды құрайды. Осы уақыт кезеңінде салық төлеуші салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды немесе қайтаруды талап етуге құқылы. Талап қоюдың ескіру мерзімі камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін ұзартылады және талап қою мерзімі бір күнтізбелік жылдан аз уақыттан кейін аяқталатын қосымша салық есептілігі ұсынылған жағдайда бір күнтізбелік жылға ұзартылады.
Салық кодексінің 490-бабына сәйкес 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу іс-әрекеттері жүргізілген, қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильден басқа, бір автокөлік құралы бойынша мүгедектігі бар адамдар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылмайды. Құқық туындаған жағдайда жеңілдік осындай құқық пайда болған айдың 1-күнінен бастап қолданылады
Салық хабарламалары салық төлеушінің электрондық кабинетіне, сондай-ақ eGov және E-salyk azamat қосымшасына жіберіледі.
Салық режимін таңдау есеп беру тәртібі мен салық сомасына әсер етеді
Салық органына электрондық түрде бір мезгілде қызметін тоқтата тұруға өтініш және ағымдағы салық кезеңі үшін кезекті салық есептілігін беруге. Бірақ келесі шарттар орындалуы керек:
орындалмаған хабарламалардың болмауы;
- ҚҚС бойынша төлеуші болған жоқ;
- белсенді емес ҰК сайтында болған жоқ;
- тәуекелдің жоғары дәрежесі болған жоқ.
ЖК ретінде сіз License электрондық лицензиялау сайтында, ҚР ҚМ КХД E-salyq business қосымшасында, Екінші деңгейдегі банктердің қосымшасында тіркеле аласыз.