Құрылым
«Қарағанды-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті» кеден бекеті
Кедендік операциялардың жасалуына және тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылаудың жүргізілуін жүзеге асыру; "Тауарларды кедендік тазарту" және "Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік қызметтерін көрсету; кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын алу, оларды есептеудің дұрыстығы мен уақтылы төленуін бақылау; Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету; қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу; Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету.
«Сарыарқа» Арнайы экономикалық аймағы» кеден бекеті
Құрылған күні: Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы Жарлығымен.
АЭА құру мақсаты: металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу өнеркәсібін дамыту, атап айтқанда, жаһандық брендтерді өндірушілерді тарту арқылы дайын өнім өндірісі.
АЭА жұмыс істеу мерзімі: 2011 – 2036 жыл.
АЭА аумағы: 534,9 га.
Басым бағыттар: металлургия, ауыр техника.
Орналасқан жері: Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Доски ауылы, 028, 1383-бөлім.
АЭА аумағына/аумағынан шетелдік тауарлар мен Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын әкелуге, орналастыруға, пайдалануға және әкетуге кедендік бақылауды жүзеге асыру, тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру шарттарының сақталуына және осындай кедендік рәсімге сәйкес олардың пайдаланылуына кедендік бақылауды жүзеге асыру, өткізілетін тауарларға қатысты кеден ісі саласындағы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру болып табылады, қолданылуы аяқталмаған, кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлардың есебін жүргізуді қамтамасыз ету, АЭА аумағында адамдардың осындай аумаққа кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Басқарма басшысы:
Нуркенов Айдос КанышевичТелефон:
8 (7212) 56-34-27Электрондық пошта:
ai.nurkenov@kgd.gov.kz«Әуежай-Қарағанды» кеден бекеті
Орындалуына бақылау жасау Департаментке жүктелген Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік және өзге де заңнамасын сақтау, мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; кедендік декларацияны тапсыру алдындағы кедендік операцияларды жүргізу; тауарларды декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кедендік операцияларды жасау; тауарларды шығарғанға дейін мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету.
Басқарма басшысы:
Ахметов Багдат КизатовичТелефон:
8(7212) 42-85-92Электрондық пошта:
bag.akhmetov@kgd.gov.kz«Теміртау» кеден бекеті
Орындалуына бақылау жасау Департаментке жүктелген Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік және өзге де заңнамасын сақтау, мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; кедендік декларацияны тапсыру алдындағы кедендік операцияларды жүргізу; тауарларды декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кедендік операцияларды жасау; тауарларды шығарғанға дейін мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету.
Басқарма басшысы:
Арстанов Серик СкендировичТелефон:
8 (7213) 41-19-80Электрондық пошта:
ser.arstanov@kgd.gov.kz